Ер адам көршісінің 5 минуттан артық оталып тұрған көлігін телефонына түсірген

Қазақстандықтың әрекеті желідегілердің ашуын туғызды.

Өскемен қаласында ер адам көршілерінің 5 минуттан артық оталып тұрған көлігін телефонына түсірген. Оның әрекетін басқа бір тұрғын әшкереледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

Әлеуметтік желіде тиісті видео пайда болды. Онда белгісіз ер адамның тұрғын үйдің кіреберісінде тұрып, оталып көлікті телефонға түсіріп тұрғаны бейнеленген.

«Міне, біздің блогер Андрей. Таңертең ерте тұрып алып, көлікті (видеоға) түсіріп тұр. «Мазда» кімдікі? Бұл машинаны 2 минуттай түсіріп тұр. Көліктің сигнал беру жүйесі жоқ сияқты», — деді тұрғындардың бірі.

 

43