
«Жерімізді тартып алып, шенділерге үй салып берді»: Түркістан тұрғындары әкімдік пен соттың «заңсыз әрекетін» әшкереледі
Түркістандық ондаған тұрғын жергілікті биліктің «былығын айтып» редакциямызға шағымданды. Олардың айтуынша, осыдан 15 жыл бұрын заңды түрде алған жер телімдерін әкімдік тартып алыпты. Жалпы, Түркістан облыс орталығы болған 3-4 жылдан бері қалада жер дауы көбейіп кеткен. Әкімдік «мемлекеттің қажеттілігі» үшін деген талаппен кезінде өзі берген жерлерді қайта тартып алған. Тұрғындар салып қойған үй-жайын бұзуға мәжбүр…