Орал қаласындағы жылыжайда көкеністің орнына есірткі өсірілген, деп хабарлайды qazaq.today тілшісі. Күдіктілердің бұл іспен қанша уақыттан бері айналысып келгені белгісіз. Тексеру барысында жылыжайдың ішінде есірткі жайқалып тұрған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру материалы ҚР ҚК 297-бабының 3-бөлігі бойынша СТБТ-да тіркелді. «Гидропоника» әдісімен марихуананы өсірумен айналысқан есірткі зертханасының иелерін ҰҚК қызметкерлері ұстаған. Сот «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасын санкциялады.
«Жедел тергеу іс-шаралары барысында қаладағы жеке үйлердің бірінде екі азамат каннабистік топтың есірткі құралдарын заңсыз өсіргені және сақтағаны анықталды. Заңсыз айналымнан 17 кг марихуана, 100 түп қарасора мен зертханалық жабдық, сондай-ақ кесілген тегіс ұңғылы мылтық пен травматикалық тапанша тәркіленді», — деп хабарлады ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.