«418 млн тг»: Алматыда бизнесмен Алмас Әбдіғаппаровқа сот үкім шығарды
Алматыда аты шулы кәсіпкер Алмас Әбдіғаппаровқа сот үкім шығарды. Медеу ауданы №2 аудандық сотының үкімімен «Parmigiano Group» иесі Алмас Әбдіғаппаров ұзақ жылға сотталып кетті. Сот үкімімен Әбдіғаппаров өзіне сеніп тапсырылған аса ірі мөлшердегі мүлікті жымқырғаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол бес жыл қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқара алмайды….