Эксклюзивті мазмұн:

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

«42 метрде орналасқан»: сот «Кублей» зауытына қатысты дауға нүкте қоя алмады

«Кублей» зауыты мен Орал қаласының әкімдігі арасындағы іс белгісіз...

Бәрі ұлт пен ұрпақ үшін – меценат Молдияр Нұрбаев

Жетісу өңіріңде қос алыпқа ескерткіш орнатылды. Кеңес Одағының батыры Есмұрат Сиқымов пен академик Жүрімбек Сыдықовтың  ескерткіштері Ақсу ауданының орталығында ашылды. Есімдері елге мәлім қос тұлғаның мүсіндері білім ордаларының алдына орнатылды. Жастар жадында сақтасын, елге ерінбей еңбек еткен азаматтар ұмытылмасын деген қағиданы ұстанған кәсіпкер осынау игі шараның өтуіне мұрындық болды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Бұл әсіресе ақсулықтар үшін тарихи сәт. Ескерткіштің ашылуына жетісулықтар көп жиналды.

«Бұл ауданда бірінші рет емес, бұрын мына жерде тұрған Ілияс Жансүгіровтың ескерткішінде орнатып бердім. Осындағы жастар ертең айтып жүрсін, біліп жүрсін, патриот болсын деп жасадық. Егерде ескерткіш болмаса бәріде ұмыт болады. Ескерткіш тұрған соң қасынан өткен адамдар, оқушылар оны біледі, таниды. Бізде сол сияқты батыр болсақ дейді. Батырларға, ғалымдарға қарап бізде солардай болсақ екен деп өстік. Өзіміз ғалым, батыр болмасақта бизнесте жүрген соң осыны жасадық. Бұның бәрі ұлт, ұрпақ үшін. Өзімнің туып өскен жерімге, еліме үнемі қол ұшын беріп, көмегімді аямауға тырысам. Туған жерге туыңды тік деген. Әрбір азамат еліне, халқына көмектесу керек деп санаймын. Отбасымызбен ақылдаса келіп, іс-шараға қажетті қаржыны шығарып, Ақсуда осындай үлкен істі ұйымдастырдық. Қолдау көрсеткен Ақсу ауданының әкіміне, әкімдікке алғыс айтам. Мұсеке сынды қол ұшын созған азаматтарға да рақмет. Еліміз аман болсын, Президент, үкіметтің жасап жатқан жоспарлары іске асса еліміз әліде дамып, көркейеді», – деді Ұлт жанашыры, Алматы облысының құрметті азаматы, кәсіпкер Молдияр Нұрбаев.

Кеңес одағының батыры Есмұрат Сиқымов фашистерге қарсы аянбай соғысқан азаматтың бірі. Майданға дейін Қапалы кентіндегі учелищеде білім алса, екінші дүниежүзілік соғыста кіші сержант өзінің ерлігімен көзге түскен. 1943 жылы 360-атқыштар полкінің қатарында Посудово деревнясын жаудан азат етеді. Пулеметшілер тобының командирі Сиқымов шабуылдаушылардың алдыңғы қатарында болды. Олар деревняға басып кіріп, жаудың пулеметшілер тобын жойған. Шабуылдаушы жауынгерлерді жау әскері оқпен жусатып салғанда, жалғыз қалған Сиқымов жаудың автоматшылар взводымен екі сағаттан артық шайқасыпты. Батальон шабуылға шығып, деревня азат етілді. 60-тан аса жау әскерін жойған небәрі 21 жастағы Сиқымовтың өзіде  осы ұрыста қаза табады. КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Сиқымовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілген. Кейін туған жері Ақсуда көше атауы берілді. Енді міне көптен күткен батырдың ескерткіші де орнатылды.

«Батырдың жарқын бейнесі халқының мәңгі жадында. Ескерткіштің ашылу салтанаты баршаңызға құтты болсын дегім келеді. Тұлғаларға көрсетіліп жатқан бұндай құрмет жастарға үлгі аларлықтай. Ауданымызда өте үлкен іс-шара өтті. Бабаларымызды ескеріп, жастарға жақсы насихаттың жаршысы болатын, келер ұрпақ ұмытпастай есте сақтайтын шаралар атқарылды. Елін ұмытпай, қашанда үлгілі істерді қолға алатын Нұрбаевтар әулетіне де алғысымыз зор», – деді Жетісу облысы Ақсау ауданының әкімі Есім Базарханов.

Екінші ескерткіш ғалым, ҚР ҰҒА академигі Жүрімбек Сыдықовтың құрметіне қойылды. Ақсулықтар үшін ғана емес, күллі қазақ жұрты үшін Сыдықовтың сіңірген еңбегі зор. Геология-минералогия ғылымының докторы көп жылдар бойы Орталық, Батыс, Оңтүстік аймақтарында жер асты суларын іздеп, барлау жұмыстарымен айналысты. Көп мөлшерлі жер асты тұщы және минералды су қорларын тиімді пайдалану жолдарын зерттеумен айналысты. Арал және Каспий теңіздері алаптарындағы жер асты ағынының шаруашылықты игеруге байланысты өзгеруін болжау теориясы мен әдістерін негіздеді.

 

«Сыдықов Ақсу ауданынан шыққан алғашқы академик. Аудандағы бүгінгі білімді жастар осы адамның ізбасарлары деп білемін. Әкімдік пен Молдияр Қылшықұлы бірлесіп мынандай үлкен іс-шара өткізіп жатыр. Атамызға әдемі ескерткіш тұрғызып берді. Осы іске көмегін аямаған азаматтарға алғысым шексіз», – деді ғалымның туысы Ақмарал Сарқытбайқызы.

Ескерткіштің ашылуынан соң іс-шара ғылыми конференциямен жалғасын тапты. Алматыдан арнайы барған ғалымдар баяндама жасап, қос тұлғаның еңбегіне тоқталды. Ал кәсіпкердің тікелей қаржылық қолдауымен Анкарадан арнайы келген алаштанушы ғалым Елдос Тоқтарбай жұртқа жағымды жаңалығымен баяндама жасап, елді тың ақпараттармен құлақтандырды.

«Есмұрат Сиқымовтың  өмір тарихымен жақсы таныспын. Мен бұл адамның қайтыс болған жері Беларусь еліне де барып келдім. Оның жатқан жері  Украйна мен Беларустың дәл шекарасындағы Посудово деген ауылда. Сиқымов төрт рет ірі соғыс майданына кірген. Екі рет жарақат алған. Қазақстанның Беларустағы елшілігінде батырға арнап үлкен белгі тақта қойылған. «Осы ауылды қорғап қалған үш адам, соның бірі осы Сиқымов» деп есімі алтын әріппен жазылған. Осындай өзгеде ақпараттарды конференция барысында жерлестеріне жеткіздік. Залда халық толып отырды, ине шаншар орын болмады. Елім деген, ауылын ойлаған Нұрбаев Молдияр Қылшықұлы бұндай ауқымды шараны мемлекетке салмақ салмай ақ атқарып жатыр. Халықтың көңілінен қуаныш байқалады», – деді алаштанушы ғалым Елдос Тоқтарбай.

Елдегі ең алғашқы салынған Мамани мектебіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізіп берген, халыққа қашанда қайырымдылық іс-шараларын жасап, осы жолғы ескерткіштің ашылуына да ат салысқан, көмек көрсеткен Алтынасара Нұрахметоваға ел алғыс білдіріп, «Ақсу ауданының құрметті азаматы» төсбелгісін тақты. Үнемі игі істің басында жүретін Алтынсара Нұрахметова әулетінің ғана емес, күллі ақсулықтардың да анасы атанып үлгерген.

«Ел-жұртым сіздердің сыйлағандарыңызға, құрметтегендеріңізге ризамын. «Ақсу ауданының құрметті азаматы» атағын бергендеріңізге мыңда бір рақмет. Екі арысты еске алып, асы беріп, құран хатым түсіріп жатыр. Елім, жұртым аман болсын. Беріліп жатқан ас, ниет қабыл болсын. Осындай үлгілі іс-шараларға қолдау білдіре берейік. Ақсу ауданы қашанда көркейіп, елім өсе берсін», – деді кәсіпкер Алтынасара Нұрахметоваға.

Ресми шараладың соңы ұлттық спорт түрлерімен жалғасын тапты. Қазақ күресінен бос кілемге шыққан балуандар бас жүлде үшін күш сынасты. Құнан бәйгеде бірінші болып мәреге жеткен Кербұлақ ауданының жүйрігі жарты миллион теңгенің бас бәйгесін алды. Ал «Нива» автокөлігі тігілген аламан бәйгеде бақтарын сынау үшін Қызылорда, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Абай облыстарынан да атбегілер сәйгүліктерін баптап әкеліпті. 41 ат қосылған аламан бәйгені көруге келген халықтың саны да сансыз.

Делебені қоздырған сәйгүліктер кең даланы дүбірлетіп, қомақты жүлделермен иелерін қуантып жатты. Бас бәгеде Қарасай ауданынан келген «Түйеторы» атты сәйгүліктің шабандозы авткөлікке ие болды.

Ал мәреге екінші болып жеткен «Бұйражал» иесіне 2 миллион теңгені «тарту» етті. Үшінші орын үшін тігілген 1 миллион теңге Қызылорда облысының Қазалы ауданынан келген Айқасқа атты сәйгүліктің қанжығасында кетті. Ат спортының соңы кешке ауданның орталық алаңында гала концертпен жалғасты. Алматыдан арнайы шақырылған өнер жұлдыздары Жетісудың жұртын әнмен тербеді.

Еске салайық, бұндай шара Жетісу жеке облыс болып бөлінгелі алғаш рет ұйымдастырылды. Ескерткіштен бөлек бәйгенің, концерттік меркенің шығындарын да Нұрбаевтар әулеті көтеріп алды.

«Ескерткіштің ашылуына қол ұшын созған жігіттерге, мүсіншілерге, күреске бәйгесін тіккен азаматтарға да алғыс айтам.  Берікболға, Сабырға, Мұсекеге көп-көп рақмет. Ел үшін жасаған шараға ат салысқан, үлкес қосқан азаматтарға ризашылығымды білдіремін. Ақсу өңірінде бұндай шара көптен бері болмаған еді. Елім аман болсын», – деді шараның басты демеушісі, кәсіпкер Молдияр Қылшықұлы.

 

Соңғы

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің...

Қаңтар оқиғасы: ҚазҰУ ректорының ұлын өлтірген күдікті ұсталды

Алматыдағы қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы...

Құрғақ сай: Шымбұлақта жаңа 3 км шаңғы жолы қосылды

2022-2023 қысқы маусымында «Шымбұлақ» тау шаңғы кешенінде «Құрғақ Сай»...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді

Алматыда шешендік өнерден балалардың республикалық  байқауы өтеді. Оған еліміздің 15 облысы мен 3 республикалық қаласынан іріктелген 28 оқушы қатысып, сөз сайысына түспек, -деп хабарлайды...

Қаңтар оқиғасы: ҚазҰУ ректорының ұлын өлтірген күдікті ұсталды

Алматыдағы қаңтардағы тәртіпсіздік кезінде ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлы Елнарды атып өлтірген күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Күдіктінің 11 айға жуық уақыттан...

«Улы сілекейін шашып жүр»: Мұхтар Құл-Мұхаммед Соловьевке жауап берді

Сенат қабырғасында халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед ресейлік сарапшылардың «Россия 1» телеарнасында сөйлеген сөздеріне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Qazaq.today...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here