Алматы полициясы көліктегі жігітті жабылып ұрғандарды іздестіріп жатыр(ВИДЕО)
Алматы полициясы көліктегі адамды аяусыз ұрып-соққандарды іздестіріп жатыр. Куәгерлердің айтуынша, оқиға Райымбек даңғылы мен Тұрғыт Озал көшелерінің қиылысында болған. Бейнероликте 3 ер адамның ақ түсті көлікті қоршап тұрғанын көруге болады. Шабуыл жасаушылардың бірі көлікте отырған жігітті тепкілейді. Тағы үшеуі соққыға жығылғандарды көліктен шығармақ болады. Содан кейін жігіттердің бірін көліктен сүйреп түсіріп, белгісіз жаққа алып кетеді….
