«Байқоңыр» ғарыш айлағына заңсыз кірмек болған туристердің бірі шөлден өліп кетті
Бұл туралы РИА Новости жазды. Шетелден келген экстремал туристердің көбі Байқоңырға заңсыз кіруге тырысып жатады. Екі француз да сөйткен. «Францияның екі азаматы ғарыш айлағына заңсыз кірмек болған. Екеуі «классикалық» жолды таңдапты. Тасжолға шығып, айдаладағы биік ғимараттарға қарай бет алған. Жолда біреуі өзін нашар сезінген», — деді агенттікке оқиғадан хабары бар адам. Екінші француз досына көмек…
