Мемлекетке 1,4 млрд теңге залал әкелген қылмыстық топтың мүшесі Молдовадан табылды
Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен Молдова Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстан азаматын экстрадициялады. Күдікті 2021-2022 жылдар аралығында Алматы қаласында ұйымдасқан қылмыстық топтың басқа мүшелерімен бірге жүйелі түрде заңсыз экономикалық және қаржылық алаяқтықты жүзеге асырған. Оның рөлі — қаланың белгілі бір банктерінде шот ашу, бүркеме мәміле бойынша алғашқы бухгалтерлік құжатта…
