Қарағанды — Астана автожолы жабылды: Теміртау терминалынан 300 машина өте алмай тұр

Фото: istockphoto.com

Теміртаудағы терминалдан 300-ге жуық көлік өте алмай тұр. Жолаушыларды терминалдан өткізбеудің басты себебі — Қарағанды-Астана автожолының кейбір учаскелері жабылған. Полиция жолда жүрудің қауіптілігін ескертіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today.

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, ауа райының нашарлауына байланысты және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қарағанды-Астана автожолы жабылған. Теміртаудағы терминалда шамамен 300 көлік жиналған.

«Барлық жол қозғалысы қатысушыларына сақтық шараларын сақтауды, автожолдардың жағдайы туралы жаңартылған ақпаратты бақылауды және төтенше қызметтердің ұсыныстарын ескеруді сұраймыз», – деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының командирі Медет Нұрмұханов.