Жәнібек Әлімханұлы алға қойған жоспарын бөлісті

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы қазақстандық Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) әлеуметтік желіде жаңа жазба жариялады, деп хабарлады Qazaq.today ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап.

Ол өз салмағында абсолютті әлем чемпионы атағына қатысты талап қойды.

«Маған абсолютті әлем чемпионы атағы керек. Тездетіп соның әрекетін жасайық», — деді Әлімханұлы Instagram-дағы парақшасында.

Сондай-ақ Жәнібек Top Rank промоутерлік компаниясының басшысы Боб Арум мен Сауд Арабиясының Ойын-сауық басқармасының төрағасы Турки әл аш-Шейхті белгілеп кеткен.

Бұған дейін Әлімханұлының көктемде айқас өткізетіні хабарланған. Боксшының өзі де жекпе-жек уақыты белгілі екендігін айтты.

Фото: ҰОК

64