Мүгедектер елі: 20 млн тұрғыны бар мемлекетте 743 мың мүмкіндігі шектеулі адам өмір сүреді

Фотоколлаж: inva.news/articles

Қазақстанда денсаулығына байланысты қанша адамның мүгедектігі бар екені белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq.today порталы. 

1992 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы бекіткен Халықаралық мүгедектер күні әлемнің барлық елінде 3 желтоқсанда аталып өтеді. Бұл күн инклюзивті қоғам құру мәселесіне тағы бір мәрте назар аударып, ерекше қажеттіліктері бар адамдарды мемлекеттік қолдау бойынша жүйелі шаралар туралы айтуға мүмкіндік береді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, бүгінде республикада 743 мыңнан астам мүгедектігі бар адам тұрады. Оларды әлеуметтік тұрғыдан қолдау және өмір сүру сапасын арттыру – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі әрі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің басты міндеттерінің бірі.

«Қазақстанда тұратын 743,9 мың МБА-ның ішінде 414 мың адам немесе 55,7%-ы еңбекке қабілетті жаста, 212,9 мың адам немесе 28,6%-ы зейнеткерлік жаста, ал 117 мың адам немесе 15,7%-ы – 18 жасқа дейінгі балалар», – делінген министрлік хабарламасында.

Яндекс.Метрика