«Жастық шақта арман болған»: 75 жастағы ақсақал кемпіріне ақ көйлек кигізді

Жарты ғасырлық махаббат: 75 жастағы ақсақал жұбайына ақ көйлек кигізіп, арманын орындады

Қазнетте жүрек елжірететін ерекше видео тарады. 75 жастағы қария өмірлік серігімен өткізген 50 жылдық мерейтойын нағыз ертегіге айналдырды. Бұл оқиға мыңдаған қолданушының көзіне жас алдырды.

Көбіне жастарға тән деп саналатын романтиканы егде тартқан қариялар жаңа деңгейге көтерді. Ерлі-зайыптылар «Алтын тойларын» қарапайым дастарқан басында емес, нағыз жас жұбайлардың стилінде атап өтуді жөн көрген.

Видеодан ақсақалдың сәнді қара смокинг, ал оның аяулы жарының аппақ қалыңдық көйлегін кигенін көруге болады.

«Жастық шақтың өтеуі»

Бұл жай ғана той емес, бұл – орындалған арман. Желі қолданушыларының пікірінше, бұл қадамның астарында терең мән жатыр. Кеңес одағы кезінде немесе қиын-қыстау жылдары шаңырақ көтерген көптеген отбасылардың дүркіретіп той жасауға, ақ көйлек киюге мүмкіндігі болмаған.

75 жастағы ақсақал осы олқылықтың орнын толтырып, жарына жастық шағын қайта сыйлағысы келгендей.

«Қандай жарасымды! Бәлкім, кезінде жағдайлары болмаған шығар. Елу жыл бірге тұрып, осындай құрмет көрсету – нағыз ерлік», – деп жазды желі қолданушылары.

Желідегілер не дейді?

Бейнежазба қысқа уақыт ішінде мыңдаған қаралым жинап, қызу талқыға түсті. Пікір жазғандардың басым бөлігі қарттардың бір-біріне деген риясыз сезімі мен құрметіне тәнті болды.

Бұл оқиға бүгінгі жастарға, тез шаңырақ көтеріп, тез ажырасып жатқандарға үлкен өнеге болды. «Махаббат жас талғамайды» деген сөздің дәлелі осы болса керек.

Фото: Видеодан кадр

Яндекс.Метрика