Министр Кямаледдин Гейдаров 25 желтоқсанда Ақтау маңындағы ұшақ апаты кезінде құтқару операциясына қатысқан ҚР ТМЖ қызметкерлерін марапаттау жөнінде бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
«Баку-Грозный бағыты бойынша бет алған «Әзірбайжан авиакомпаниялары» ЖАҚ ұшағының апатқа ұшырауына байланысты 2024 жылғы 25 желтоқсанда жүргізілген құтқару операциясына қатысқан ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлерінің тобы марапатталды» – делінген Әжербайжан ТЖМ таратқан ақпаратта.
Министр қол қойған тиісті бұйрыққа сәйкес, төменде аты-жөні көрсетілген қазақстандық құтқарушылар «Ынтымақтастық үшін» төсбелгісімен марапатталды:
— Сейталин Азамат Серікұлы
— Аминов Тимур Владимирович
— Айдаров Кани Манапұлы
— Қараев Саясат Мұсаұлы
— Кенжеғалиев Мәжит Серікбайұлы
— Кулханов Әзімбек Шиндаулетұлы
— Күзембаев Ербол Ахметұлы
— Меңдібаев Наурызбекранұлы
— Нұғыманов Ардақ Қойшыбекұлы
— Тілеубергенова Айман Минбайқызы.