Зарина Диас Қытайдағы турнирге арнайы шақырту алды

Әйелдер арасында 28 қазан – 3 қараша аралығында өтетін Цзюцзян WTA 250 турнирінің жеребесі тартылды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Аталмыш жарысқа дүниежүзілік рейтингіде 379-орында тұрған қазақстандық Зарина Дияс арнайы шақырту алды.

Зарина алғашқы айналымда әлемнің 60-ракеткасы, испаниялық Джессика Бузас Манейромен шеберлік байқасады.

Жарақатына байланысты екі жылдық үзілістен кейін кортқа қайта оралған отандасымыз жуырда Түркиядағы ITF турнирінің чемпионы атанған еді.