Фото: Astana.tv
Танымал әнші Сиви Махмуди бұрынғы жолдасы Аңсар Қажымұқанұлына қатысты алғаш рет ойын бөлісті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Айта кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті өнер иесінің экс-күйеуіне іздеу жариялаған еді.
“Соңғы жаңалықтар қалай болып жатыр? Өзім де шок болып отырмын. Бұрынғы күйеуім екеуміз ресми түрде 2017 жылы ажырасып кеткенбіз. Бірақ 2020 жылы нақты нүкте қойып, мәңгіге екі жаққа кеттік. Содан бері бір рет те хабарласып, көріскен емеспіз. Қазір барлық жаңалықтарда менің атым аталып жатыр. Өкінішке орай, ол біз ешкім емес болып тұрғаны ғой. Барлық жерде Сивидің бұрынғы жолдасы деп шулап жатыр. Менің атымды қолданбауға боламай ма?!”, – деп ренішін білдірді әнші.