Түркия 7 мемлекеттегі елшілерін ауыстырды. Құжаттың мәтіні президент Ердоғанның қолымен үкіметтің ресми газетінде жарияланған, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Түркияның Португалия, Ұлыбритания, Қазақстан мен Ирандағы елшілері ауысты.
Президент Режеп Тайып Ердоғанның қолы қойылған құжаттың мәтіні бейсенбіде үкіметтің ресми газетінде – Resmi Gazete-де жарияланды.
Аталмыш шешімге сәйкес, Астанадағы Елші Уфук Экиджи Луандадағы Түркия дипломатиялық миссиясының басшысы болып тағайындалды. Оның орнына бұрын Құқықтық қызметтер басқармасының бас директоры болған Мұстафа Капуджу тағайындалды.
Qazaq.today