Ақтөбе облысы мектеп директоры 600 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді

Ақтөбе облысы Шалқар ауданында мектеп директоры 600 мың теңге пара алды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ҚазАқпарат тілшісі.

Шалқар ауданындағы №6 мектеп директорының ісі сотқа түскен. Облыстық сот баспасөз қызметінің хабарлауынша, іс Қылмыстық кодекстің «Пара алу» бабымен қаралады. Оған 600 мың теңге пара алды деген айып тағылып отыр.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұргүл Бертілеуованың айтуынша, директор әуелі жұмыстан шеттетілген. Ал, қызметтік тексеруден соң орнынан босатылған.

Сот кабинетіндегі ақпаратқа сүйенсек, Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігімен сотқа берілген Жаңабай Ақмырзаұлы Мусин жөніндегі қылмыстық құқықбұзушылық туралы істің басты талқылауы 27 ақпан күні электронды форматта жүргізіледі. Сотталушы Ж. Мусинге қолданылған «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық түрінде» бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалдырылды. Басты сот талқылауы прокурордың және қорғаушының қатысуымен ашық сот отырысында қысқартылған тәртіппен қаралады. Сотталушы жеке қорғаушы жалдаған.

Айта кетейік, мектеп директоры Қылмыстық кодекстің 366-бабы 2-бөлігі бойынша айыпты деп танылса, мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айрылады. Параның елу еселенгеннен алпыс еселенгенге дейінгі сомасы мөлшерінде айыппұл салуға не үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here