Тоқаев Сингапур президентін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Халима Якобты Сингапур Республикасының Ұлттық күнімен құттықтады.

Президент екі ел арасындағы шынайы достық пен табысты саяси диалогқа негізделген серіктестікке жоғары баға берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев биыл мамыр айында өткен екіжақты келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстан мен Сингапур арасындағы стратегиялық байланыстарды дамыту үшін берік негіз болатынына сенім білдірді.

Айта кетсек, Сингапурдың Ұлттық күні – жыл сайын 9 тамызда атап өтілетін мемлекеттік мереке. Бұл күн Сингапурдың 1965 жылы Малайзиядан тәуелсіздігін алуына орай тойланады.

Qazaq.today