Президент қазақстандықтарды Судья және сот қызметкері күнімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Судья және сот қызметкерлері күнімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Құрметті Судьялар және сот қызметкерлері Биыл – сот төрелігін атқаруға жауапты азаматтар үшін айрықша маңызды жыл. Себебі, осыдан 30 жыл бұрын ел егемендігінің, адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтаудың мызғымас тірегі саналатын Қазақстан Конституциясы қабылданды. Қуатты әрі тәуелсіз сот…

Толық оқу

Тоқаев Путинге құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинді осы елдің мемлекеттік мерекесі – Ресей күнімен құттықтады, деп жазды Ақорда. – Елдеріміздің арасындағы достық және тату көршілік қатынастардың деңгейі жоғары. Бұл стратегиялық серіктестік және одақтастық рухына толықтай сай келеді, – делінген жеделхатта. Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путиннің елінің өркендеуі жолындағы жауапты мемлекеттік қызметіне табыс тіледі.  

Толық оқу

«Құрбан айт – ырысты ынтымақтың мерекесі»: Тоқаев қазақстандықтарды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. «Ардақты ағайын! Құрбан айт мерекесі құтты болсын! Барша мұсылман қауым үшін қасиетті саналатын бұл мейрам – имандылық пен ізгіліктің символы. Айт күндері мұқтаж жандарға жақсылық жасап, көмек көрсету – ата-бабаларымыздан жалғасып келе жатқан игі дәстүр. Асыл дініміз азаматтарды бір-бірін құрметтеуге, жақындарына…

Толық оқу

Тоқаев Польшаның жаңа президентін құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Тадеуш Навроцкийді Польша Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. – Еліңіздің әлеуметтік-экономикалық дамуын баянды етіп, халқыңыздың ырыс-берекесін еселеу жолындағы игі бастамаларыңыз бен қолға алған жоспарларыңыздың табысты жүзеге асуына шынайы тілектеспін. Қазақстан мен Польша арасындағы дәстүрлі достық пен өзара түсіністік рухындағы қарым-қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында Өзіңізбен бірлесе күш-жігер…

Толық оқу

Мақпал Жүнісова Майра Ілиясованы 1 миллион теңгемен құттықтады (ВИДЕО)

Мақпал Жүнісова Майра Ілиясованы туған күнімен ерекше құттықтап, шотына қомақты қаражат аударды, деп хабарлайды Qazaq Today сайтына сілтемемен. Өнер иесі Майра Ілиясова 70 жасқа толып, шығармашылық кешін өткізді. – Шақырған қонақтарыңыздың бәрі келді. Ең бастысы – көрерменнің ықыласы. Шапан сыйлайын деп едім, бірақ ондайыңыз көп екен. Сол себепті өзіңізге ұнайтын дүниені аларсыз деген ниетпен шотыңызға…

Толық оқу