Талдықорғанда бөгде жігіт бейтаныс әйелдің іш киімін ұрлап кетті. Ұрлық бейнекамераға түсіп қалған. Кадрлардан жас жігіттің дәлізде жайылып тұрған киімдердің арасынан біреуін алып, қалтасына салып кеткенін көруге болады. Ал жайып қойған іш киімі жоғалтқан әйел полицияға арыз түсірген, деп хабарлайды Qazaq.today.
Halyqstan Telegram-арнасында жарияланған видеодан кептіргіште жайылып тұрған әйелдің іш киімін ұрлап жатқан сәтін көруге болады. Іш киімі ұрланған әйел полицияға шағымданған. Алайда, тәртіп сақшылары жәбірленушінің өтінішін қабылдаудан бас тартты, өйткені аса маңызды дүние ұрланбаған.
«Полициядан қайыр болмағандықтан тұрғындар өз дүниелерін қорғаудың жолдарын іздестіруде», — деп жазды арна.