Бүгін еліміздің 7 өңірінде қатты ыстық болады

Синоптиктер сәрсенбі, 14 маусымда елімізде қандай ауа райы болатынын болжады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлайды. Метеорологтардың мәліметінше, бүгін еліміздің басым бөлігінде негізінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек Қазақстанның оңтүстік-шығысы мен солтүстік-шығысында және қиыр батысында күндіз найзағай ойнап, өткінші жаңбыр, бұршақ жаууы ықтимал. Сонымен қатар республика бойынша жел күшейіп, оңтүстік пен оңтүстік-батыста және орталықта шаңды дауыл…

Толық оқу

«Балаларға берген тамағы ашып кеткен»-Түркістанда ата-аналар лагерь жұмысына шағымданды

Түркістан облысы Түлкібас ауданында ата-аналар жазғы сауықтыру лагерінің жұмысына шағымданып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап. Видео әлеуметтік желіде тараған. Ата-аналардың айтуынша, балалары тамаққа шағымданған. «Лагерьде балаларға берілген тамақтары ашып кеткен, нандары қатып қалған» делінген ақпаратта. Облыстық білім басқармасының мамандары таулы аймақта орналасқан лагерьді тексеріп жатыр. «Біздің мамандар қазір сол жерде тексеру жүргізіп…

Толық оқу

Павлодар облысында 4 жасар бала септикке түсіп кеткен

31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.  Полиция мәліметінше, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағашпен жабылған септикке құлады.   “Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды”, – делінген хабарламада.   Айта кетейік, бұдан бұрын…

Толық оқу

Ақмола облысында заңсыз есепке тұрғызылған 60-тан аса шетелдік көлік анықталды

Ақмола облысында полицейлер 500 млн теңгенің заңсыз есепке қою деректерін анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni -не сілтеме жасап.  Мамырдың ортасында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Ақмола облысының «Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» ҰАҚ ішкі қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жалған құжаттарды пайдалану арқылы шетелден жеткізілген 62 автокөлікті есепке…

Толық оқу

Павлодар облысында мектеп директоры және оның әйелі мен баласы жыл бойы сабақ өткізбей жалақы алып отырған

Оқу жылы аяқталып жатқанда Павлодар облысындағы мектептердің былықтары ашылып жатыр. Мәселен, Май ауданының орталығы Көктөбедегі қазақ мектебіне тексеру жүргізген антикор біраз кемшілікті анықтады, — деп хабарлайды Qazaq.today Massaget.kz.-ке сілтеме жасап.  Білім ұясының бұрынғы директоры, қазіргі таңда аудандық кітапхананың басшысы Санял Зілкенов мектептен факультативтік сабақтар алған. Өзімен бірге баласына және декретте отырған әйеліне де факультативтік сабақтар…

Толық оқу