Павлодар облысында 4 жасар бала септикке түсіп кеткен

31 мамырда Мойылды кентінде септикте 2019 жылы туған жас баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды Qazaq.today  Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. 

Полиция мәліметінше, бала ата-анасының назарынан тыс қалып, көрші үйлердің бірінің ауласында орналасқан ағашпен жабылған септикке құлады.

 

“Осы факті бойынша ҚР ҚК-нің 140-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Сараптама тағайындалды”, – делінген хабарламада.

 

Айта кетейік, бұдан бұрын Павлодар облысы Шарбақты ауданында 8 жасар бала тереңдігі 3 метр болатын сантехникалық траншеяға құлап кеткен. Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

 

Qazaq.today

5