Шетелден келген көліктерді заңсыз тіркегендер мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам залал келтірген

Фото: Pixabay Павлодар облысында бір топ адам жүк машиналарын заңсыз есепке қою арқылы мемлекетке 1,5 млрд теңгеден астам шығын келтірді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.  Қаржылық мониторинг агенттігі материалдық пайда алу мақсатында алыс шетелдерден көлік құралдарын заңсыз бастапқы тіркеуді жүзеге асырған адамдар тобын анықтады. Бұл тұлғалар 2021 жылдың маусым-тамыз айлары аралығында жүйелі негізде материалдық…

Толық оқу

Қатты желден жүк көлігі аударылып қалды

Абай облысы полиция департаменті жол-көлік оқиғасы 19 желтоқсан Омбы – Майқапшағай трассасының 913 шақырымында болғанын мәлімдеді. Апатқа ұшыраған көлік жүргізушісіне жолда кетіп бара жатқан полиция қызметкерлері көмекке келген. Ауыр жүк көлігінің жүргізушісі – Ресей Федерациясының азаматы жол қозғалысы ережелерін бұзбағанын, көлік қатты желдің салдарынан аударылғанын айтқан. Полицейлер ауыр жүк көлігін жолға шығара алатын тиегішті алу…

Толық оқу

Ақмола облысында жедел жәрдем көлігі жүк көлігімен соқтығысты

Белгілі болғандай, «ГАЗельдің» 20 жастағы жүргізушісі Қабанбай батыр ауылына бара жатқан. Қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, Астана қаласына бағыт алған жедел жәрдем көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 28 жастағы фельдшер, 73 жастағы науқас және екі жүргізуші ауыр жарақат алып, түрлі диагноздармен астаналық ауруханаға жатқызылды. Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды.  

Толық оқу

Қазақстан-Ресей шекарасында 100-ге тарта жүк көлігі жиналып қалған

Қостанай облысында Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктері қаңтарылып тұр, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап. Бұған дейін желіде тараған видеодан жүзге жуық көліктің кептеліп тұрғанын көруге болады. ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі 4 маусым күні сағат 12:30-дағы жағдай бойынша «Қайрақ» АӨП-да тауар экспорттаушы 60-80 жүк көлігі жиналып тұрғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, ұзын-сонар кезектің…

Толық оқу

Алматыда тәркіленген 32 млн теңгенің көлігі ҰҚК-ге «сыйға тартылды»

Алматыда тәркіленген Jeep Wrangler жол талғамайтын көлігі Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «сыйға тартылды». Бұл туралы Protenge Telegram-арнасы хабарлады. 2021 жылы шыққан көлік 32,7 миллион теңгеге бағаланған. Оны Алматыдағы арнайы қызмет тәркілеуі мүмкін. Кейін көлік мемлекеттік саудаға шығарылғанмен, сатылмайтын болды. Бірінші болып өтініш берген ұйымға тегін беріледі.   Алдымен көлікті мемлекеттік органдарға ұсынады. Кім бірінші болып өтініш…

Толық оқу