Қостанай облысында Қазақстан мен Ресей шекарасында жүк көліктері қаңтарылып тұр, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz.-ке сілтеме жасап.
Бұған дейін желіде тараған видеодан жүзге жуық көліктің кептеліп тұрғанын көруге болады.
ҚР Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі 4 маусым күні сағат 12:30-дағы жағдай бойынша «Қайрақ» АӨП-да тауар экспорттаушы 60-80 жүк көлігі жиналып тұрғанын хабарлады.
Ведомство мәліметінше, ұзын-сонар кезектің түзілуі Ресейге қарай бағытталған бейтарап жолақтың толып қалуы, сондай-ақ басқа аймақтардағы өткізу пункттеріндегі жөндеу жұмыстары себеп болған.
Өткізу пунктіндегі мемлекеттік кірістер органдары ҚР ҚМ МКК АЖ мәліметтерді енгізу арқылы тасымалданатын жүктерді мониторингтен өткізеді. Бұл әрекеттер 3-5 минутты алатыны хабарланды.
Qazaq.today