Ақтауда балабақшаның қызметкері баланы ыстық суға күйдіріп алды
Ақтаудағы балабақшалардың бірінде гигиеналық процедуралар кезінде 2 жасар қызды күйдіріп алған күтуші жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі lada.kz басылымына сілтеме жасап. «Медбике мен тәрбиеші дереу шұғыл медициналық көмек көрсетті, ата-анасымен байланысып, жағдайды хабарлады. Ол кезде қызарып тұрған, жағдайы қанағаттанарлық болды. Алайда бір сағаттан кейін көпіршіктер пайда болды. Қатемізді мойындаймыз және осы оқиға үшін толық…