Фото: azertag.az
Түркияның шығысында ауа температурасы бірден төмендеп, күн күрт суытты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
azertag.az таратқан мәліметке сәйкес, Эрзурум провинциясының Текман ауданында термометр бағанасы рекордтық 33,1 градусқа дейін төмендеген.
Түркияның бас метеорология басқармасы Эрзурумдағы Гаджиомер ауылын «соңғы тәуліктегі елдің елдегі ең суық нүкте» деп атады.
Өзендер мен көлдерге мұз қатты. Халық қатты қажеттілік болмаса, көшеге шығудан қалған.
Ардахане провинциясындағы Геле ауданында температура 28,8 градус аязды көрсетсе, Эрзинджанедегі Чайырлы ауданында — минус 27,8, Вандағы Чалдыран ауданында — минус 26,6, Сарыкамышта (Карс) — минус 22,1 аязға жетті.