Салонда 4 адам болған: Семейде көшеде жарысқан көлік Ертіс өзеніне ағып кетті

Фото: Polisia.kz

Семей қаласында Ертіс өзеніне көлік құлап кеттті. Көлік салонында төрт адам болған, деп хабарлайды Qazaq.today.

2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 06:00–де Абай облысы Семей қаласы Полковничий аралында Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне батқаны туралы хабарлама түскен.

— Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік ішінде төрт адам болған. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және барлық азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, — делінген Семей қаласы Полиция басқармасының хабарламасында. 

28