Кәсіпкер Сырымбек Тау Instagram-дағы парақшасына видео жариялады, деп хабарлайды Qazaq.today.
Кәсіпкерлер Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Елдос Сметов, Нұрбек Оралбай және Назым Қызайбайға бір-бір көліктен мінгізді. Сондай-ақ олар Олимпиаданың ширек финалында өнер көрсеткен Айбек Оралбайды да назардан тыс қалдырмады.
«Айбек екеумізді бөліп-жармай, екеумізге де темір тұлпар мінгізді. Алла разы болсын, ағалар!» — деп жазды боксшы Нұрбек Оралбай өз парақшасына.
Ал оларға қандай көлік тарту етілгенін кәсіпкер Сырымбек Тау жариялаған видеодан көруге болады.