22 рет жылдамдықты асырған: Қызылорда тұрғынына 886 мың теңге айыппұл салынды

Қызылордада жылдамдық режимін 22 мәрте асырған тұрғын 886 мың теңге айыппұл төлейтін болды. Биылғы жылдың шілде айынан бастап Қызылорда қаласында «Қорғау» жол қозғалысын бақылау жүйесі іске қосылды.

Қасақана жол ережесін бұзған жігіт көлігінен айырылды.

«Аталған жүйенің мүмкіндігімен 9 қыркүйекте қала аумағында «Арқан» және «Сергек» стационарлы жылдамдық өлшегіш құрылғыларына жылдамдық режимін 22 және 7 мәрте бұзған көлік жүргізушілері анықталды. Олардың бірі 886, екіншісі 332 мың айыппұл төлеуден жалтарып жүрген. Аталған құқық бұзушылықтар бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабының 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, автокөліктер айып алаңына қойылды», — деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.

35