Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмонов пен UFC чемпионы Белал Мұхаммед арасындағы шайқасы мамыр айында өтеді. Бұл туралы «Спорт Шредингера» телеграм-арнасы хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.
Жартылай орта салмақта чемпиондық атаққа ие америкалық (тегі – палестиналық) спортшы өз атағын алғаш рет қорғайды. Бұған дейін аяқ саусағына ота жасатуына байланысты Шавкатпен жекпе-жекке шықпаған еді.
Шавкат UFC 310 турнирінде Иэн Гэрримен кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Нәтижесінде чемпиондық атақ үшін шайқасуға мүмкіндігін арттыра түскен еді. Сондай-ақ Белалды октагонда тұрып жекпе-жекке шақырған болатын.
Фото: runasport.com