Тоқаевтың Жарлығымен Әділет министрі тағайындалды

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Жақсылықұлы Сәрсембаев Қазақстан Республикасының Әділет министрі лауазымына тағайындалды», — делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Конституциялық сот судьясы қызметін атқарған. Алматы облысы Талғар ауданының тумасы.

164