Саясаттағы оқиғаларға бағасын береді: Мемлекет басшысы республикалық басылымға сұхбат берді

Фото: Ақорда

2025 жылдың 3 қаңтар күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді, деп хабарлайды Qazaq.today.

Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында ҚР Президентінің кеңесшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды.

«3 қаңтар күні «Ана тілі» газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың кең көлемді сұхбаты жарық көреді. Президент сұхбатта ішкі және сыртқы саясаттағы басты оқиғаларға бағасын береді. Сондай-ақ елдің биылғы саяси және әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын қорытындылап, алдағы кезеңге арналған басым міндеттерді айқындайды», — деп жазды Берік Уәли.