Қостанай облысында тұрғын үй жарылып, 7 адам үйінді астында қалды

Оқыс оқиға бүгін сағат 12:36-да болған, деп хабарлайды «Наша газета» .

Жарылыс бүгін сағат 12:36 шамасында Энергетиктер, 1 (бұрынғы  Красный партизан) мекенжайында болған.

ТЖД мәліметінше, газ-ауа қоспасы жарылысынан бір қабатты ғимарат қираған. Соның салдарынан 7 адам үйінді астында қалған.

Қазір оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Облыс әкімі де жарылыс болған жерге келді. Жедел штаб құрылды.

Qazaq.today