Ішкі істер министрі Ержан Сәденов екі полиция қызметкерінің Алматыда 14 жастағы жасөспірім қызды зорлау фактісін растады, деп хабарлайды Qazaq.today Ulysmedia.kz-сілтеме беріп.
Мәжіліс кулуарында Ержан Сәденовтен полицейлердің оқушыны зорлауға қатысы бар-жоқтығы сұралды.
«Өкінішке қарай, мұндай факт орын алды. Олардың қылмыс жасағаны анықталды. Бірден тәртіптік комиссия өткізілді. Олар теріс себептермен жұмыстан шығарылды. Қылмыстық іс аясында қамауға алынды», — деді ол.
Министр қазір тексеру жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Qazaq.today
26