Қазақстандық көкпаршылар Өзбекстанды 16:0 есебімен жеңді

Көкпардан Қазақстан құрамасы Өзбекстан құрамасынан басым түсіп, жеңіске жетті.

Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтіп жатыр.

Көкпар ойындарының алғашқы жұбы болып алаңға Қазақстан мен Өзбекстан шықты.

Нәтижесінде, қазақ көкпаршылары өзбек қарсыластарын 16:0 есебімен жеңіп, жарысты сәтті бастады.