Андрей Михайлович оған небәрі 1 ай уақыт берді
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Жәнібек Әлімханұлының келесі жекпе-жегі қазан айында соң өтетін болды. Бұл туралы спортшының менеджері Берік Сұлтан мәлімдеді.
Жекпе-жек бұған дейінгі талаптар бойнша өтеді. Яғин, сарапқа Жәнібектің қос титулы салынбақ.
«Құрметті жанкүйерлер! Жақында жекпе-жек. Сол үшін дайындықты елде бастап кеттік. Әр күн маңызды! Шетелге барып дайындалып үлгермейміз. Промоутерлік торгты қарсылас тарап ұтып алғанын білесіздер. Жекпе-жекті келесі айға қойып жатыр. Бұйыртса екі титулды қорғаймыз. Қарсылас сол баяғы Андрей», — деді Берік Сұлтан әлеуметтік желіде.
Еске салайық, 13 шілдеде Лас-Вегаста (АҚШ) орта салмақта WBO және IBF нұсқасында әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жаңазеландиялық боксшы Андрей Михайловичке қарсы жекпе-жегі өтпей қалған еді. Сол жолы отандасымыз салмақ қуу кезінде қатты сусыздану салдарынан есінен танып, ауруханаға түскен болатын.