Қазақ қоғамын діни секталармен бөлшектеу ескі билікке тиімді болды — Ермұрат Бапи

Қазақ қоғамын өзара бөлшектеу бұрынғы жүйенің әдіс-айласы болған. Ал бір масхабқа топтастыру билікке қауіпті саналған, деп хабарлайды  Qazaq.today ақпараттық порталы.

Qazaq AIRAN ютуб каналына сұхбат берген Праламент Мәжілісінің депутаты Ермұрат Бапи осылай деді. Оның сөзінше, діни ағымдардың артында ақшалы араб әлемі тұр.

«Қазақ қоғамын діни сеталармен бөлшектеу сонау 2000 жылдардан басталған. Сол кездегі құраниттер, сопылар, уахабистер сияқты бөлшектеу саясаты жүрді. Өйткені қазақтың басын діни негізде ханафи мазхабының төңірегіне топтастыру ол билікке қауіпті болды, сондықтан бөлшектеу керек болды. Өршіп кеткені сондай, исламның араби діні салафиттік, уахабиттік бағыты қазақ қоғамында күшейіп, сіңіп кетті. Неге? Себебі, оның артында ақшасы бар. Оның артында араб әлемі бар. Оның артында Қазақстанның билігінде жақтастары болды. Назарбаевтың өзі сондай нұсқау берді. Назарбаевтың інісі Қайрат Сатыбалды салафиттік саланың бір көсемі болды. Сондықан қазір сұрқия нәтижесін жеп жатырмыз», -деді Ермұрат Бапи.

Депутат шетелден діни ғұламаларды елге әкеліп жарнамалаудың артында да мүдделі топтар тұр деп санайды.

«Шейх Осман Тоханың қолын сүю діни надандықтың салдары. Бұл топастықтың салдары. Қолымен құран жазған екен деп қолды сүю деген не ол? Мен мұны түсінбеймін. Егер де Сириядан келетін болса түсінікті ғой қандай ағым екені. Біздің қазақи қалыптасқан дәстүрді дінімізге әлдеқайда ерсі діндер ғой. Бұл да бір мақсатпен істеліп жатқан шаруа деп ойлаймын», — деді депутат.