Таиландта теңізге түсем деп, зардап шеккен қазақстандық қайтыс болды, деп хабарлайды Qazaq.today.
Қаралы хабарды марқұмның әпкесі естіртті.
«Артурдан айырылып қалдық», — деп жазды ол Instagram-да.
Cыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ақпаратты растады.
Еске салайық, марқұм Таиландта қалыңдығын құтқарамын деп, су жұтып қойып, комаға түскен болатын.
Qazaq.today