Қаһарманмарашта тағы жер сілкінді

Түркияның Қаһарманмараш қаласында тағыда жер сілкінді. Бұл жолы рихтер шкаласы бойынша 4,7 балдық жер сілкінісі қайталанған, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық порталы. Апаттарды жою басқармасы (AFAD) жариялаған мәліметте,  жер асты дүмпулері Гексун ауданында 7 шақырым тереңдікте тіркелді. Кандил ауданында жер сілкінісі 5 шақырым тереңдікте болды. Мамандардың айтуынша, бұл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен кейінгі қайталама дүмпулер болуы мүмкін.
Естеріңізге сала кетейік, ақпан айының басында Түркияның Қаһарманмараш провинциясы 7,7 және 7,6 баллдық жойқын жер сілкіністерінің ортасында болды. Қаланың жартысы қирап, мыңдаған адам қаза тапты. Осыдан кейін де аймақта жаңа жер сілкінісі қайталанды, бірақ магнитудасы төмен болған еді.