Парламент Мәжілісіне кандидат Саят Нюсупов су басып қалған ауылға барды  

ҚР Парламент Мәжілісіне кандидат Саят Нюсупов су басып қалған ауылға барды. Жетісу облысында бүтін ауыл тұрғындары үйлерінен шыға алмай қалды. Кербұлақ ауданы Қызылағаш ауылын  екі күннен бері ағын су басып жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі. Екі күннен бері судың астында қалған ауыл тұрғындарына Саят Нюсуповтың сайлауалды үгіт-насихат тобы көмек көрсетуге барды. Тіптен үйі мен аулалары судың астында қалған халық кандидаттармен түгелге жуық кездесе алмаған. Тұрғындарды су басқан үйден құтқару үшін еріктілер жүк көліктерін аулаға кіргізге мәжбүр. Жергілікті халық көмек қолын созуға барған кандидатқа арыз-шағымдарын айтып жатыр.

 «15 адам дегендері өтірік. Жағдайды бақылауға бірнеше адамды ғана жіберген. Бөгет ретінде төсеп, төгуге құмдары да жоқ. Жергілікті халық үйінен шыға алмай қалған. Күн күрт жылынғанда ауыл судың астында қалды. Халық екі күннен бері сумен алысып жатыр. Көшелер ғана емес, ауылдағы үйлердің аулаларын да су басып қалған. Халық ашулы.  Дәл қазіргі көріністі міне осы видео мен фотолар арқылы көре аласыздар. Құтқарушылар қауқарсыз, құралдары жетіспейді. Сол маңдағы таныстарға шығып, мөшек сұратып, құм әкелуді ұйымдастырып жатырмыз. Кандидат Саят Нұрмұхамедұлы шаруаларын тастап, бірден су басқан аулыға келді», — деп мәлімдеді Саят Нюсуповтың сайлауалды штабынан.

Ауылда 400 астам отбасы тұрады. Екі мыңнан астам тұрғын әлі күнге тасқын сумен алысып жатыр. Жергілікті әкімдік арық жүйесін қараусыз қалдырғандықтан, ол толықтай бітеліп қалған дейді жергілікті халық. Салдарынан су арнасынан шығып, аулаға жайылған. Ал ауылға барған төтенше жағдайлар департаментінің адамдары жағдай бақылауда деп  отыр.

«5 наурыздағы жағдай бойынша Кербұлақ ауданы, Қызылжар ауданында 4 ауланы су басқан. Оқиға орнына 19 қызметкер мен 6 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта арық жүйесін тереңдету және тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. «Жетісу облысы ТЖД-не Кербұлақ ауданы Сарыөзек-Көктал автожолының бойында 9 км жерде орналасқан цемент өндіру бойынша «Alacem»  зауытының аумағын су басу туралы ақпарат түскен жоқ. Алайда, әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында  егістіктерден мол қар еру нәтижесінде зауыт аумағының еңіс ағынымен су басқаны туралы видео түсіріліп, әлеуметтік желілерге жарияланғаны анықталды. Қызметкерлердің жұмылдырылуымен еріген қар суын бұру бойыншам шаралар қабылданды. Зардап шеккендер  жоқ. Сондай-ақ, зауытқа да залал келген жоқ», — деді Жетісу облысы ТЖД департаменті басшысының орынбасары Игорь Жуков.

ТЖД мәліметінше, тек Қызылағаш ауылы ғана емес, Алакөл ауданының Қабанбай және Жайпақ ауылдарында су басқан. Жергілікті жерлерде жеке құрамның 10 қызметкері мен 3 техника жұмылдырылған. Төтенше жағдайдың алын алуға шамалары жетпеген мамандар азаматтарды көмекке шақырып жатыр.

«Жол картасы» бағдарламасы бойынша ауылға бөлінген миллиардттар қайда? Далаға кеткен ақша, жасалынбаған жұмыс. Ел қашанғы осылай әкімдіктің өтірік есебімен өмір сүреді? Халықтың жағдайын қашан көтерміз? Елдің арасында жүріп, нағыз проблемаларын көзбен көріп жүрміз. Таныстарымызды да көмекке шақырдық.  Халықтың жағдайы мүшкіл. Неге дер кезінде көмекке келмеген құтқарушылар? Неге қауіптің алдын алмаған. Нағыз халықшыл депутат кабинетте отырмай, қиын сәттерде елмен бірге болу керек», — деп хабарлады Саят Нюсуповтың сайлауалды штабынан.

Материал Саят Нюсуповтың сайлау қорынан төленді