Түркиядағы табиғат апатынан көз жұмғандар саны 46 мыңнан асты

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған елдегі жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 46 104-ке жеткенін айтты, – деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Түркия басшысының айтуынша, ақпанда елді дүр сілкіндірген екі жойқын жер сілкінісі 62 ауданда, 10 190 ауылда және 11 провинцияда болған. Бүгінгі таңда қаза тапқандардың жалпы саны 46 104 адамға жеткен.

Ердоған қазір жер сілкінісі болған аймақтардан 3 миллион 320 мың адам эвакуацияланып, басқа провинцияларға кеткенін айтты. Бұл ретте 800 мың адам барған жерлерінен баспана тапқан.

Оның айтуынша, 1,5 миллионнан астам адам шатырларда, 53 мың адам контейнерлерде, 123 мың адам мемлекеттік мекемелерде, әсіресе республикалық білім беру мекемелерінде, 160 мың адам Жастар және спорт министрлігінің жатақханаларында және 137 мың адам қонақүйлерде тұрып жатыр.

Сондай-ақ Ердоған апат болған аймақтарда алдағы уақытта қайта салынуы жоспарланған үйлер қауіпсіздікті ескере отырып салынатынын айтты. Мысалы, олардағы үйлер үш қабаттан жоғары болмайды.

Әзірге түрік билігі электр, су, кәріз, жол, әлеуметтік нысандары бар жылжымалы контейнерлік қалаларды салып жатыр. Тұрғындар осы жайлы жағдайда тұрып, тұрақты тұратын тұрғын үйлерін күтеді.

«Біздің мақсатымыз – 2 айдың ішінде 100 000 контейнер орнатып, жер сілкінісінен зардап шеккендерге жақсы жағдай жасау. Қажет болса, контейнерлер санын көбейтеміз», – деді Ердоған.

 

Qazaq.today

Соңғы

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп,...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот...

Бірмандатты депутаттар анықталды: Сайлауда ең көп дауыс жинаған кім?

Бірмандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты кімдер болатыны анықталды. Орталық...

Newsletter

spot_img
spot_imgspot_img

Рыбакина жас теннисшілерге қаржылай қолдау көрсетті

Елена Рыбакина Қазақстанның болашағынан үміт күттіретін теннисшілеріне қаржыдай қолдау көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап. 2022 жылғы Уимблдон турниріндегі жеңісінен кейін теннистен Қазақстан...

Алматыда жанжалдасқан жүргізушілердің бірі қару қолданды

Алматыдағы базарлардың бірінде екі жүргізуші жолды бөлісе алмай, төбелесіп, нәтижесінде қару қолданған, - деп хабарлайды Qazaq.today Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.  Toyota Estima жүргізушісі оқ атқан сәт...

Серік Күдебаевтың соты кейінге қалдырылды

Алматы облысы полиция департаментінің экс-бастығы Серік Күдебаевқа қатысты сот процесі кейінге қалды, деп хабарлайды Qazaq.today Halyq Uni-не сілтеме жасап. Бұл туралы Жетісу облысы сотының баспасөз...

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here