Париж-2024: нысана көздеуден екі спортшымыз да іріктеуден өтпеді

Александра Ле мен Арина Алтухова Париж Олимпиадасындағы іріктеу сынынан өте алмады, — деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Екі спортшы 50 метрге үш позицияда нысана көздеуден сынға түсті. Өкінішке қарай, екеуі де финалға өте алмады.

Александра Ле 10, Арина Алтухова 13-орында. Финалға алғашқы сегіз спортшы өтті.

Фото: olympic.kz