«9 және 7 жаста»: Атырау облысында бір отбасының 2 баласы суға кетті

Фото: ТЖМ

Атырау облысының Құрманғазы ауылында екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.

Қайғылы оқиға бүгін түстен кейін болған. Облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне Құрманғазы ауылынан шақыру сағат 14:53-те түскен. Суға батып кеткен ұл мен қыз бір үйдің балалары.

«Құтқарушылар оқиға орнына келген кезде бір отбасынан шыққан екі бала, 2015 жылы туған қыз және 2017 жылы туған ұл белгісіз жағдайда суға батып кеткені анықталды», — деп хабарлады ТЖД.

Қазір сүңгуірлер суға батқан балалардың денелерін іздеп жатыр. Опат болған балалардың ата-анасына шұғыл психологиялық көмек көрсетілуде.

68