Париж-2024: Екі бірдей жеңіл атлетіміз Олимпиаданы ерте аяқтады

Фото: Владислав Семенов/ ҰОК

Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында Қазақстанның екі бірдей жеңіл атлеті Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая Париж Олимпиадасының іріктеу кезеңінен ары аса алған жоқ, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы.

Отандастарымыз бүгін биікке секіру бәсекесінде өздерінің бағын сынағн еді. Аталған сайысқа жаалпы 32 спортшы қатысып, келесі кезеңге үздік деп танылған 12 спорты өтті. Өкінішке қарай, Елизавета Матвеева мен Надежда Дубовицкая 12 спортшының қатарына іліге алмады, деп мәлімдеді kaz.inform.kz.

париж
Фото: Владислав Семенов/ ҰОК

Надежда Дубовицкая 1,88 метрді бағындыра алмады. Ал Елизавета Матвеева 1,92 метр биіктікке секіре алмады. Осылайша қос қазақстандық жеңіл атлет финалдық кезеңге жолдама ала алмады.

Естеріңізге сала кетсек, Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан XXXIII жазғы Олимпиада ойындары 11 тамызда мәресіне жетеді.
Ойындарға әлемнің 205 елінен 10 500 спортшы қатысып жатыр.

париж
Фото: Владислав Семенов/ ҰОК

Олимпиадашыларымыз 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығы сарапқа салып жатыр.