«Вагон ыстық, шыдау мүмкін емес»: Өскемен-Алматы пойызында қария қайтыс болды

«Өскемен-Алматы пойызында ата қайтыс болды. Ол вагондардағы ыстықты көтере алмады. Әйелі оны тамбурға шығарды. Сол кезде қария ауа жетпей, құлады. 13 жастағы немересінің көзінше қайтыс болды7 Пойыздың ішінде көмек көрсететін аптечка болмады», – деп жазды паблик.

Қайғылы жағдай 1 тамыз күні Сарыөзек станциясында №351 «Өскемен-Алматы» пойызының басшысы жедел жәрдем шақырған. Денсаулығы күрт нашарлаған 74 жастағы жолаушыға жедел көмек қажет болған.

«Жолсеріктер, жолаушылар және медицина қызметкерлері бірге алғашқы медициналық көмек көрсету үшін барлық мүмкін шараны қабылдады. Өкінішке қарай, жедел жәрдем бригадасы жолаушының қайтыс болғанын айтты. Пойызбен жүру кезінде жолаушы жолсерікке жүгінбеген және денсаулығының нашарлауына шағымданбаған. Жолаушы жұбайымен бірге Жаңғыз-төбе станциясынан Алматыға жетуді көздеген. Жұбайының айтуынша, ер адам демікпемен ауырған», – деп түсіндірді ҚТЖ баспасөз қызметі.

Полиция аталған жағдайға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр.

Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.