«4 ай бұрын құда түсіп, сырға салған»: Света Айтбаева қызының ұзатылуы туралы айтып берді (ВИДЕО)
Фото: @raushan_kudaibergen 2025 жылғы 1 тамыз күні танымал әнші Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген 24 жасында ұзатылды. Арада бірнеше күн өткен соң, 7 тамызда Раушанның анасы, әнші Светлана Айтбаева желіде арнайы алғыс айтып, жазба жариялады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. Ол қазақстандықтарға ризашылығын білдіріп, былай деді: «Ардақты ағайын! Бірнеше күннен бері сіздердің ақжарма тілектеріңізді оқып, қуанып отырмыз….
