Президент кәсіпкерлікке кедергі келтіретін мәселелерді жоюды тапсырды
Фото: Ақорда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі уәкіл Қанат Нұровты қабылдады, деп хабарлайды Qazaq.today. Кездесу барысында бизнес-омбудсмен 2024 жылғы жұмыстың қорытындылары жөнінде есеп берді. Оның айтуынша, өткен жылы кәсіпкерлер құқығын бұзу фактілері бойынша 3 275 шағым түскен. Соның 1 759-ы немесе 53,7 пайызы оң шешімін тапқан. Нәтижесінде 20 млрд теңгеден астам…
