Ғабидолла Әбдірахымов өзіне қарсы қылмыстық іс туралы айтты
Қазақстандық бұрынғы саясаткер Ғабидолла Әбдірахымов өзіне қатысты қылмыстық іс қозғалды деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Шымкенттің бұрынғы әкімінің айтуынша, оған құқық қорғау органдарынан ешқандай хабарлама келмеген. – Шынымды айтсам, ешқандай іс туралы хабарым жоқ. Ешкім ешқайда шақырған жоқ (жауап алуға – авт. еск.), маған ескертпеді. Әлеуметтік желіде жазылғандар бос сөз. Бұған менің еш қатысым жоқ….