Бес ешкі бағып көрмегендер киік туралы ақыл айтпай-ақ қойсын – БҚО шаруалары
Олар биылғы шығынның шаш етектен болатынын айтып дабыл қағып отыр. Батыс Қазақстан облысында киіктер шаруаларға тиесілі 700 мың гектар алқапты жайпап тастаған, 9 мың гектарға жуық алқапқа егілген дәнді дақылын жеп кеткен. Қожалық иелері осындай базынасын айтып отыр. Жайылымды жердің шөбін бітірген ақбөкендер енді қоршалған шабындықтың ішінде еркін жайылып жүр дейді олар. Жұмысшылар киікті қуумен…