Қазақстандық боксшы Махмұт Сабырхан үйлену тойын өткізді. Боксшы белгілі бапкер Мырзағали Айтжановтың Назым атты қызына үйленді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.
Белгілі қазақстандық боксшы Махмуд Сабырхан шаңырақ көтерді. Бұл туралы “Оңтүстік” телеарнасының редакторы Гүлсанат Қалмырзақызы хабарлады.
“Сүйінші, Махмуд Сабырхан ұлдарыңыз үйленіп, бір басы екеу болды. Мың сұлудың ішінен бір сұлуды таңдап, көз алдымызда өскен Назым қыз келін болып шыға келді. Мырзағали ағамыздың тұңғышы. Той керемет болды. Құдалық мың жылдық болсын, Мырзағали аға! Жастар бақытты болсын”, — деп жазды журналист.
Айта кетейік, Махмуд Сабырхан Қазақстан бокс құрамасының мүшесі. 2023 жылы әлем чемпионы атанды.
Париж Олимпидасында 57 келі салмаққа дейінгілер арасында сынға түсіп, алғашқы кезеңде испаниялық Хосе Кильестен жеңіліп қалды.
View this post on Instagram